• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 25 Шілде, 2021

Ярослава Шведова: «Ең соңына дейін ойнағым келді»

228 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Олимпиаданың келесі айналымына өте алмады. Ол кездесу кезінде ойынды тоқтатуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өз өзіме енді келіп жатырмын. Өкінішке қарай, кездесу жеңіліспен аяқталды. Жақсы ойнап, тырысқан сияқтымын. Бәрі жаман емес еді, алайда, бірінші сеттің аяғына қарай ыстыққа мүлде шыдай алмадым. Күннің ыстығы маған қатты әсер етті.

Сонда да тоқтамай, бірнеше гейм ойнауға тырыстым. Бірақ жағдайым нашарлап, аяғымды сезбей қалдым. Ойынды тоқтатқым келген жоқ, ең соңына дейін ойнағым келді. Бірақ 3:2 есебімен алда тұрғанымда бәрі қиындай түсті.

Юля мен Зарина да ойыннан бас тартқан соң, барынша соңына дейін барғым келді. Бірақ соңына дейін ойнай алмайтынымды сездім. Ойыным жақсы жүріп жатса да, жағдайдың осындай болғаны өкінішті», деді Шведова.