Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Жайық ауылы маңындағы су қоймасында 6 жасар бала суға кетіп қалған деп хабарлайды Egemen.kz.
25 шілде күні сағат 17.15. шамасында Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылар тобы Бәйтерек ауданы Жайық ауылы маңындағы «Карьер» су қоймасынан 2014 жылы туған баланың денесін алып шыққан. Төтеншеліктердің мәлімдеуінше, суға түсуге тиым салынған маңда жас бала ересектердің қадағалауынсыз қалып қойған.
Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында 23 адам суға кеткен, оның 9-ы – кәмелетке толмаған бала.