Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қасқиннің айтуына қарағанда, аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтерінің әкімдері сайлауында сайлаушылардың 87,08 % қатысқан, деп жазады Egemen.kz.
Айыртау ауданында 3844 сайлаушы немесе 87,13 %;
Ақжар ауданында 789 сайлаушы немесе 83,76 %;
Аққайың ауданында 8142 сайлаушы немесе 89,77 %;
Есіл ауданында 7974 сайлаушы немесе 83,62 %;
Жамбыл ауданында 4539 сайлаушы немесе 87,59 %;
М. Жұмабаев ауданында 3114 сайлаушы немесе 91,43 %;
Қызылжар ауданында 6532 сайлаушы немесе 84,37 %;
Мамлют ауданында 6397 сайлаушы немесе 90,97 %;
Ғ. Мүсірепов атындағы ауданында 2085 сайлаушы немесе 84,69 %;
Тайынша ауданында 3120 сайлаушы немесе 83,00 %;
Тимирязев ауданында 1571 сайлаушы немесе 87,72 %;
Уәлиханов ауданында 878 сайлаушы немесе 95,33 %;
Шал ақын ауданында 3675 сайлаушы немесе 87,17 % дауыс берген.
Сайлаушылардың ең көп қатысуы Мағжан Жұмабаев ауданының Ұзынкөл ауылдық округінде, Тайынша ауданының Теңдік ауылдық округінде және Уәлиханов ауданының Қаратерек ауылдық округінде байқалды. Ең аз келу Тайынша ауданы Зеленогай ауылдық округінде тіркелді, онда тек сайлаушылардың 67,87% дауыс берген.
Дауыс беру күні аумақтық сайлау комиссияларына ешқандай өтініштер мен шағымдар түскен жоқ.
Қазіргі уақытта учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушылардың дауыстарын санауды жүргізуде.