• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2014

Қарағандыда жарылғыш затты сатпақ болғандар ұсталды

281 рет
көрсетілді

Қарағанды облысындағы «Қазақмыс» корпорациясының қызметкеріне «Цезий-137» жарылғыш затын сатуға әрекеттенді деген айып тағылды. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Тергеу материалдары бойынша, кәсіпорынның аға инженері осыдан 20 жыл бұрын улы капсуланы қолды еткен. Кейін бағасы көтерілгенін күтіп, саудаға шығарған көрінеді. Ол «Цезий-137» жарылғыш затын Жезқазған қаласындағы таныстарына сатуға берген. Ал олар алатын адамдарды іздестіру сәтінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің қолына түседі. «Сатып алушы» күдіктіге 250 мың доллар ұсыныпты. Алыс-беріс кезінде сатушы тұтқындалды. Ізінше аға инженердің өзі де қолға түсті. Қазір ұрлыққа қатысы бар төрт адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, «Цезий-137» медицина, ғарыш және ядролық энергетикада қолданылатын радиоактивті зат. Қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтамаса, ол аса қауіпті. Қоршаған ортаны ластап, тіпті адам өліміне әкелуі мүмкін. «Цезийдің» ауаға таралуы Чернобыль апаты кезінде тіркелді. Қауіпті затты заңсыз сақтаған және саудалауға әрекеттенген күдіктілер алты жылға сотталуы мүмкін.

«Айыпталушылардың бірі «Қазақмыс» корпорациясында жетекші инженер болып қызмет істеген. Ол «Цезий» капсуласын 1991 жылдан бері сақтап келген. Содан соң оны сыбайластарына тапсырады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді Қазыбек би аудандық сотының баспасөз хатшысы Әлия Жошева.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Астана» телеарнасы

Фото: Chemistry – chemists. com.

Соңғы жаңалықтар