Ақтөбеліктің 14 миллион теңгесін алып, алдап кеткен алаяқ анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Ақтөбе қаласында 31 жастағы әйел 40 жастағы ер адамнан ортақ тұрғын үй сатып алу үшін 14 миллион теңге ақшасын алған. Кейін бір ай бойы әйел адам хабарсыз кеткендіктен, жәбірленуші полицияға жүгінді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алаяқтықтың тағы бір дерегі тіркелді. 31 жастағы жергілікті тұрғын ВАЗ-2115 көлігін сатпақ болады.
Бір қала тұрғыны оған көлігін әлдеқайда қымбатқа сатып бере алатыны туралы ұсыныс айтқан. Көлік иесі оған сеніп, көлігін табыстаған. Кейін күдікті үш ай бойы жәбірленушіден жасырынып жүрген, сол себепті жәбірленуші полицияға жүгінді.
Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, анықтады. Ол бұрын алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 26 жастағы жас жігіт болып шықты. Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жалпы шығын бір миллион теңгені құрады.