Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің инвесторлармен кездесуінде талқыланды, деп жазады Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парк аумағында глэмпинг, кемпинг, тамашалау алаңы, демалуға арналған орын және автотұрақ пайда болады. Экотуризмді дамыту Тұжырымдамасына сәйкес ұлттық паркте қауіпсіз туристік маршруттар мен соқпақтарды дамытуға, туристік объектілерді күрделі құрылыстарсыз орналастыруға ерекше мән беріледі.