• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Шілде, 2021

Бұқтырма су қоймасында адам батты

528 рет
көрсетілді

Бұқтырма су қоймасының жағасындағы тыйым салынған жерде шомылған әйел суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД мәліметінше, қауіпсіздік шараларына сәйкес су жанында демалуға тек демалыс базаларында ғана рұқсат етілген. Алайда аймақ тұрғындары оқшау жерлерде, шомылу тыйым салынған жағажайларда уақыт өткізуді жөн көреді. Құтқарушылар мұндай жерлерде су түбінің ландшафтын білмеу қауіпі бар екенін атап өтті.

«Кейбір учаскеде су түбі көрінбейді. Су ағыны жағаны шайып, топырағын ағызып әкетеді. Бұл дегенің бір жыл бұрын тізеден аспайтын жер қазіргі уақытта терең болып шығуы мүмкін.

Демалу үшін осындай қауіпті учаскені таңдау тағы бір қайғылы жағдайға себепші болды.​ Кеше, Новостройка ауылында, Бұқтырма су қоймасының жағасында тыйым салынған жерде шомылып, 37 жастағы келіншек суға батып кетті», делінген хабарламада.

Облыстық ТЖД тұрғындарға рұқсат етілмеген су қоймаларына бармауға кеңес береді.

«Демалыс үшін тек жабдықталған шомылу орындарын таңдау керек, онда су айдынының түбі алдын ала тексерілген және құтқарушылар бекеті бар. Суда демалуды таңдағанда сақ болыңыз. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне жедел түрде хабарласу керек», делінген хабарламада.