КХДР Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хенің 1950-1953 жылдары корей соғысы кезінде бірінен-бірі көз жазып қалған отбасыларды кездестіру жөніндегі ұсынысын қабылдамады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Солтүстік Корея Оңтүстіктің былтыр жүргізген, сондай-ақ биыл да іске асыруды жоспарлаған әскери амал-тәсілдеріне қарсы екендерін білдірді. Олардың ұсынысты қабылдамауының басты себебі де осы болған көрінеді.
Жалпы КХДР Оңтүстік Кореямен қарым-қатынасын жақсартудан қарсы емес. «Егер Оңтүстік корей соғысы кезінде бірінен-бірі көз жазып қалған отбасыларды кездестіру жөніндегі Пхеньянның ұсынысын талқылағысы келсе, біз кез-келген оңтайлы уақытта олармен жолығуға дайынбыз», – деп жазылды Солтүстік Кореяның хабарламасында.
Бұдан бұрын Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе аталмыш шараны қаңтар айында өткізуді жоспарлаған еді. Сонымен қатар, мемлекет басшысы Пхеньянға бөлінетін гуманитарлық көмектің мөлшерін ұлғайтуға сөз беріп, КХДР басшысы Ким Чен Ынмен кез-келген уақытта жолығуға әзір екенін жеткізген болатын. «Бір-бірінен көз жазып қалған отбасыларды жолықтыру сынды гуманитарлық бағдарламалардың жүзеге асырылуы екіжақты қарым-қатынасты жақсартуға септігін тигізеді», – деді ол.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com
Фото: Itar-tass.com