• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 27 Шілде, 2021

Бүгін елімізде ауа райы ашық болады

310 рет
көрсетілді

Қазгидромет 27 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Антициклон әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс және шығысында атмосфералық ағындардың өтуімен жаңбыр жауады, найзағай, шығыста бұршақ және дауыл тұруы ықтимал.

Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстікте және орталықта түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ түсуі мүмкін.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с, Түркістан облысында екпіні 23 м/с. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі, Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Маңғыстау, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының кей жерлерінде аптап ыстық сақталады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде де өте қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында жоғары өрт қаупі бар.