Оңтүстік Африка Республикасындағы тәртіпсіздіктер жалғасуда. Оның салдарынан 13 адам қаза болды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
ОАР президенті Мишель Джотодияның отставкаға кеткеніне қарамастан, елдегі толқулар басылар емес. Қызыл Кресттің ақпары бойынша, мемлекет астанасы Банги қаласында мұсылман мен христиан қауымдары арасында орын алған қақтығыстардан 13 адам қаза болған.
Жұма күні Мишель Джотодия өзін ОАР-дағы тәртіпсіздіктерді тоқтатуға қауқарсыз деп таныған көрші мемлекеттердің қысымымен отставкаға кеткен болатын. Алайда, онымен Бангидағы толқулар басыла қоймады. Қызыл Крест өкілі Антуан Мбао-Богоның айтуы бойынша, Мишель Джотодияның қызметінен кеткеніне екі күн өтті. Алайда, қаладағы қарулы қақтығыстар жалғасып жатыр. Мұндағы тәртіпсіздіктерден қаза болғандар саны әлі де өсуі мүмкін.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com
Фото: Itar-tass.com