• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2014

Атырауда 50 шенеунік жазаға тартылды

284 рет
көрсетілді

Атырауда бизнесмендердің іс-әрекеттерін тексеру барысында заң талаптарын бұзған 50 шенеунік жазаға тартылды. Бұл туралы Ras.kz хабарлады.

«Атырау облысының прокурорлары өткен жылдың қорытындысы бойынша бизнес жұмысына ретсіз араласуға байланысты үш жүзден астам тәртіп бұзушылықтың орын алғанын анықтады. Нәтижесінде 50 шенеунік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.

Жергілікті өңірдегі жөнсіз тексеруге байланысты кәсіпкерлер мен прокурорлар бірлесіп, өзара меморандумға қол қойды. Сайтта жазылған дерекке жүгінсек, өткен жылдың өзінде кәсіпкерлер құқын бұзуға қатысты төрт жүзден аса шағым түскен.

«Қазірдің өзінде бізге көптеген кәсіпкерлер келіп, белгілі бір жағдайларда құқықтарын қорғауды өтінеді. Олар көбіне-көп жер мәселелеріне қатысты, архитектура желісі бойынша рұқсат алудың қиындығына байланысты болып келеді», – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек Жақиев.

Облыстық прокуратураның өкілі Аслан Нұрғалиев атап өткендей, аталмыш меморандумның мақсаты – кәсіпкерлік субьектілерінің мүдделерін қамтамасыз ету әрі бизнесті дамытуда екі жақты бірлескен және үйлесімді іс-қимылды жүзеге асыру.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: Ras.kz

Фото: Ras.kz.

Соңғы жаңалықтар