Теннистен Қазақстан құрамасының мүшесі Михаил Кукушкин Токиодағы жорығын аяқтады. Ол екінші айналымда жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстандық теннисші АТР рейтингінде 66-шы орында тұрған Беларусь спортшысы Илья Ивашкомен кездескен болатын.
Екеуара матч 2 сағат 25 минутқа созылып, Кукушкин 1:2 есебімен қарсыласына ұтылды.
Илья Ивашко қазақстандық қарсыласын 6:7, 6:3, 6:3 есебімен ұтты.
Осылайша, теннистен Қазақстан командасының тағы бір спортшысы Токио ойындарын мерзімінен бұрын аяқтады.