• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Шілде, 2021

Қазақстанда 39 мыңнан астам көлік шығарылды

140 рет
көрсетілді

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан аумағында жалпы құны 319 млрд теңгеге 39 662 техника өндірілді, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Оның ішінде:

жеңіл автомобильдер - 34 767

жүк көлігі - 4 268

автобустар - 552

мамандандырылған техника – 75 бірлік.

Жарты жылда Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» 23 958 техника шығарды.

Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan компаниясы 12 319 жеңіл автокөлік шығарды.

Семейдегі СемАЗ 2133 техника өндірді.

Көкшетау Камаз-Инжиниринг 704 жүк көлігін шығарды.

Hyundai Trans Auto зауыты 433 техника, Daewoo Bus Kazakhstan 96 автобус өндірді.

Бұдан басқа, ресми дилерлер 56,4 жаңа жеңіл және коммерциялық автомобиль сатты.

Ең көп сатылатын автомобильдердің алғашқы үштігін Chevrolet 14754 көлікпен бастап тұр. Екінші орында Hyundai - 12 238, үшінші орында тұрған Kia-ның алты айда 4 097 көлігі сатылған.