28 шілдеде Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел,дің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Ақтауда түнде және таңертең найзағай болады деп болжанды.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел, күндіз солтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/ -қа дейін созылады.
Петропавлда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел, күндіз солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желің екпіні 23 м/с-ке жетеді. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Түркістанда солтүстік-шығыстан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Ақмола облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады.
Көкшетауда күндіз найзағай күтіледі.
Алматы облысында 35 градус қатты ыстық сақталады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Талдықорғанда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан 15 м/с жылдамдықпен жел соғады. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі бар.