• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Шілде, 2021

Жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады

195 рет
көрсетілді

АҚШ-та жеңіл ұшақтың құлауынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz sacbee.com сайтына сілтеме жасап.

Оқиға дүйсенбі күні түстен кейін Калифорниядағы Тракидегі гольф паркінің жанында болды. 

АҚШ Азаматтық авиация басқармасының мәліметінше, Bombardier CL 600 жеңіл ұшағының ұшқышы Truckee әуежайына қонуға тырысқан.

Жергілікті полиция бортында үш адам болғанын, ешкім тірі қалмағанын айтты. 

Әуежай 27 шілдеде таңғы сағат 7-ге дейін жабылды.