• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2014

Сочиде Қазақстан туын кім ұстайды?

275 рет
көрсетілді

Алдағы ақпан айында Ресейдің Сочи қаласында өтетін XII Қысқы Олимпиялық ойындарда Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы шаңғышы Ердос Ахмадиев (суретте) болып бекітілді. Бұл туралы Ras.kz хабарлады.

14 қаңтар күні Алматы маңындағы Солдат сайында орналасқан шаңғы-биатлон кешенінде Қазақстанның шаңғымен жүгіруден чемпионатының бірінші туры басталады. Біріншілікке өзінің жеке бағдарламасы бойынша дайындығына кіріскен Алексей Полтораниннен басқа еліміздің мықты шаңғышыларының бәрі қатысады.

Чемпионаттың негізгі жарыстары 15 қаңтарда өтеді. Ал 16 қаңтар күні еркін жүріспен бөлек-бөлек жарысу болады. Мұның соңғысына Украина мен Түркияның да спортшылары қатысады.

Еске сала кетейік, бұдан төрт жыл бұрын Ванкуверде өткен Қысқы Олимпиялық ойындарда Қазақстан құрамасының туын биатлонист Диас Кенешов алып өткен болатын.

Сочи Олимпиадасы 2014 жылғы 6 ақпанда басталып, 23 ақпанда аяқталады. Оның ашылу салтанаты 7 ақпанда өтсе, жабылуы 24 ақпанға тура келеді.

Данияр Рахман.

Дереккөз: Ras.kz

Фото: Ras.kz.

Соңғы жаңалықтар