• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Шілде, 2021

Жамбыл облысында кене шағу дерегі көбеюде

996 рет
көрсетілді

Биыл өңірде 257 адамды кене шағып, олар медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның 159-ы 14 жасқа дейінгі балалар болып отыр. Кене шағу бойынша биыл Тараз қаласының аумағында 143, Байзақ ауданында 29, Сарысуда 28, Мойынқұмда 15, Т.Рысқұлов, Шу, Жамбыл аудандарында 9, Қордайда 7, Талас ауданында 6 және Меркі ауданында 2 жағдай анықталған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, улы жәндіктен зардап шеккендер 14 күн медициналық бақылауда болуы тиіс екен. Бүгінде кенеден зардап шеккен 257 адамның 188-і аталған мерзімнің өтуіне байланысты бақылаудан алынған.

Ағымдағы жылы қора-жайлар мен төрт түліктерден арнайы бригаданың көмегімен 28509 астам жәндік алынып, тексеруге жіберілген. Зерттелген 2595 кененің 52-сінен қырым қанды қызбасының белгілері табылған.