ҚР Мемлекеттік күзет қызметінде кадрлық өзгерістер орын алды. Мемлекет Басшысының тиісті өкімдері Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;
Сәкен Саинұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.