Қызылорда облысында тоғыз жасар бала каналдың суына батып, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға бүгін, 27 шілдеде сағат 13.40 шамасында Арал ауданына қарасты Аманөткел елді мекені тұсындағы суармалы канал бойында болды.
«Оқиға жөніндегі хабар облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметіне 14.10-да келіп түсті. Жергілікті тұрғындар күшімен баланың денесі жағаға шығарылды. Ол белгісіз жағдайда суға батып кеткен», деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова.