• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Қаңтар, 2014

Үкімет басшысын қабылдады

200 рет
көрсетілді

Кездесу барысында Премьер-Министр С.Ахметов Мемлекет басшысына еліміздің 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер туралы баяндады, сондай-ақ индустриялық-инновациялық бағдарламаның екінші кезеңін әзірлеу барысы жөнінде мәлімдеді.

Кездесу барысында Премьер-Министр С.Ахметов Мемлекет басшысына еліміздің 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер туралы баяндады, сондай-ақ индустриялық-инновациялық бағдарламаның екінші кезеңін әзірлеу барысы жөнінде мәлімдеді.

Мемлекет басшысы «Қазақ­стан-2050» Стратегиясын орын­даудың нақты жолдарын әзір­леу­дің, сондай-ақ Қашаған мен Қарашығанақ тәрізді ірі жоба­лар айналасында өндірістік инфра­құрылымдар аясын ұлғайта отырып оларды одан әрі іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев энергетиканы дамытуға, маңызды инфра­құрылымдық жобаларды жүзеге асыруға назар аударды. Бұл орайда, Мемлекет басшысы Үкіметтің аса маңызды міндеттері азаматтардың әл-ауқатын арттыру, жұмыспен қамту және қазақстандықтардың әлеуметтік көңіл күйі жоғары болуын қамтамасыз ету болып қала беретініне тоқталды.

Премьер-Министр 2013 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 6% болғанын, инвестиция көлемі 6,5%-ға, өнеркәсіп өндірісі 2,3%-ға, құрылыс көлемі 3%-ға, жалпы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру 11,6%-ға ұлғайғанын айтты. Бұған қоса, жұмыссыздық деңгейі – 5,2%, инфляция деңгейі 4,8% болды.

Сондай-ақ, С.Ахметов индус­трияландыру бағдарламасын іске асырудың келесі кезеңі әзірленіп жатқандығын, онда экономиканың негізгі салаларын әртараптандыруға, кластерлерді дамытуға, сондай-ақ, технологиялар мен инновациялар трансфертіне ерекше назар аударылатынын айтты.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Суретті түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар