Бокстан Токио Олимпиадасында Қазақстан командасының үздігі Бекзат Нұрдәулетов жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
81 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Бекзат Нұрдәулетов ресейлік Имам Хатаевпен кездескен болатын.
Тартысты кездесуде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті ресейлік боксшы Имам Хатаевқа берді.
Осылайша, 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы бірінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты.
Ал Қазақстан боксшылары сапынан төртінші спортшы Олимпиаданы аяқтады.