Нұр-Сұлтан қаласындағы жабық базарлар да Ashyq жүйесіне қосыла бастады, деп жазады Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл коронавирустың таралу қаупін азайтуға, сол арқылы қызметкерлер мен келушілерді қорғауға және олардың қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді. Олардың арасында, «Әсем», «Әлем» сауда оталықтары, «Эталлон» құрылыс базары, «Шапағат», «Сарыарқа» және т.б. базарлары бар», деп хабарлады әкімдік.
Елордадағы Ashyq жобасында 2200-ден астам кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Енді олар келушінің ковид-мәртебесін анықтағаннан кейін ғана кіргізеді.
Мониторингтік топтар жүйелі түрде объектілердің санитарлық нормалар мен шектеу шараларына рейд өткізеді.