• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 28 Шілде, 2021

Қазақстандықтардың банктерге сенімі артып келеді

134 рет
көрсетілді

Мұны депозитке салынған ақша көлемінен байқауға болады, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Ұлттық банктің дерегінше, ел азаматтарының банктердегі қаржысы бүгінде 15 трлн теңгеден асқан. Бір жыл ішінде көрсеткіш 26 процентке өсті. Ақшаның негізгі бөлігі мерзімді депозиттерде сақтаулы. Ол шамамен 9,3 трлн теңге болады. Ал талап етілгенге дейінгі салымдар мен қазіргі шоттарда  – 2,1 трлн теңге, өзге жинақтарда 924 млрд теңгеден астам қаражат жатыр. Ең азы шартты депозиттерде – 3,6 млрд теңге. Отандастарымыз ақшаны көбіне ұлттық валютада сақтағанды жөн көреді.