• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Шілде, 2021

Атырауда 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазір өңірдегі 2 922 төсек-орынға есептелген инфекциялық стационарларда 1 420 науқас емделіп жатыр.  

«Инфекциялық стационарларындағы жүктеме 48,6%-ды құрап отыр. Ал, инфекциялық стационарлардың 114 орынға есептелген жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 78 науқас оқшауланды. Оның ішінде 12 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жансақтау бөліміндегі жүктеме 68,4%-ға жетті», деп мәлім етті  басқарманың баспасөз қызметінен.

 

Соңғы жаңалықтар