• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Қаңтар, 2014

Аймауытовтың жазығы не?..

440 рет
көрсетілді

Облыстың бұрынғы әкімі алаштың ардақтысы Жүсіпбек Аймауытовқа ескерткіш орнатпақ болып, қаржы қарастырған екен.

Облыстың бұрынғы әкімі алаштың ардақтысы Жүсіпбек Аймауытовқа ескерткіш орнатпақ болып, қаржы қарастырған екен.

Құп делік. Қуанышты жағдай. Жұртшылық, қазақ қауымы күтіп жүр. Лайықты тұлға.

Қазақ әдебиетінің негізін қа­лау­шылардың бірі, жазушы, дра­матург ағамыз кезінде «Халық жауы» атанып, атылды. Еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстан» шежі­ресінде 1919-1938 жылдары газет «Ұшқын», «Еңбек туы», «Ең­бекшіл қазақ», «Еңбекші қазақ», «Социалды Қазақстан», «Со­циалистік Қа­зақ­­стан» аталған шақтарда Сма­ғұл Сәдуақасов, Мұхтар Әуе­зов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин сияқты Жү­сіпбек Аймауытов та басшылық жаса­ғаны айтылады. 1918-19 жылдары Семейде Мұхтар Әуезовпен бірлесіп «Абай» журналын шығарды. Ескерткіш Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыс­тағы музыкалық-драма театрының алдынан орын алуы тиіс-ті.

Алайда, жуырда өткен облыс­тық мәслихаттың сессиясы жекелеген әлеуметтік мәселелердің басымдылығы мен бірінші кезек­тілік сипатын ескере отырып, ба­сым­дылығы жоқ шығындарды, олардың қатарында құны 60 миллион теңгеге бағаланған Айма­уытовтың ескерткіші де бар, қыс­қартуға шешім қабылдады.

«Қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын, қазаққа зор кеуде ақсүйектің, ақша жегіш жалтырауық шенеуніктің, сұлу сөзді, құрғақ бектің керегі жоқ...» деп жазған еді Аймауытовтың өзі. Ақша уыс-уыс шашылып жатпаса, осы жолы үндемей-ақ қалар едік.

Олай болса, Аймауытовқа кел­генде билік басындағылардың үнемшіл бола қалғаны қалай?!

Аймауытовтың жазығы не? Ай­мауытов қазақ үшін қымбат. Облыстық мәс­лихат­тағылар осыны ойлады ма екен?!

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ПАВЛОДАР.

Соңғы жаңалықтар