Нью-Йоркте Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Әбдірахманов Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунға Сенім грамотасын тапсырды.
Нью-Йоркте Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Әбдірахманов Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунға Сенім грамотасын тапсырды.
Кездесу барысында әңгімелесуші тараптар жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелерін, БҰҰ-ның халықаралық мәселелерді шешудегі рөлі және Қазақстанның осы үдеріске қосып жатқан үлесін талқылады.
Қ.Әбдірахманов Қазақстанның БҰҰ-мен кедейлікті жою, әйелдердің рөлін нығайту және олардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, климаттың өзгеруі, жаппай қырып-жою қаруын таратпау сияқты Бас хатшы тарапынан белгіленген мәселелер бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға әзірлігін білдірді.
Біздің еліміз Тұрақты даму мақсаттарын және Мыңжылдықтың даму мақсаттарын әзірлеуге белсене қатысуда. Қазақстан Мыңжылдықтың даму мақсаттарының орындалуы туралы халықаралық қоғамдастық алдында алғашқы болып есеп берді. Атап айтқанда, кедейлікті азайту, бастауыш білім алу мен орта білім саласындағы гендерлік теңдікке қол жеткізу.
Ядролық қаруды таратпау және энергетикалық, су, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері Қазақстанның жүзеге асырып жатқан 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақсыз мүше орнына сайлану науқанының күн тәртібінде тұр.
Қазақстан БҰҰ-ның әртүрлі органдарының жұмыстарына белсене қатысып, 2014 жылдан бастап БҰҰ экономика мен әлеуметтік кеңесінің, есірткі заттары жөніндегі комиссияның, БҰҰ Үйлестіру кеңесінің ВИЧ/СПИД бағдарламасының және ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы комитетінің мүшесі болып табылады.
«Егемен-ақпарат».