• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Шілде, 2021

Атырауда дәрігерлерге дөрекілік танытқан шетелдікке айыппұл салынды

5390 рет
көрсетілді

Бұдан бұрын «Дина» базарында шетелдік азамат вакциналау бекетінде дәрігерлерге тіл тигізіп, шу шығарған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кейін Атырау қаласында №3 емхананың директоры Айман Өтегенова шетелдіктің әрекетін заңсыздыққа балап, сотқа жүгінетінін мәлімдеген болатын.

Атыраудағы мамандандырылған әкімшілік сотында жүк тиеуші болып жұмыс істейтін Өзбекстан Республикасының 24 жастағы азаматына қатысты іс қаралды.

«Сот ісіне сотталушы мен дәрігер қатысты. Сотталушы өз кінәсін мойындап, дәрігерден кешірім сұрады. Сот Өзбекстан Республикасының азаматын ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434-бабымен (ұсақ бұзақылық) кінәлі деп танып, 10 210 теңге айыппұл салды. Шетелдікке жұмыс беруші – сауда дүңгіршегінің иесіне де  айыппұл салынды», деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.