• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Қаңтар, 2014

Күн тәртібі бекітілді

212 рет
көрсетілді

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты бюросының отырысы болды. Сенат Төрағасы Президент Н.Ә.Назарбаевтың ұзақ мерзімді Стратегиясын дәйекті іске асыру мақсатында Парламент жоғарғы палатасы депутаттарының келісілген және жігерлі жұмыстарының маңызын атап өтті.

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты бюросының отырысы болды. Сенат Төрағасы Президент Н.Ә.Назарбаевтың ұзақ мерзімді Стратегиясын дәйекті іске асыру мақсатында Парламент жоғарғы палатасы депутаттарының келісілген және жігерлі жұмыстарының маңызын атап өтті.

Бюрода Сенат комитеттеріне Мәжілісте мақұлданған заң жобалары бөлінді. Қаржы және бюджет комитетіне Бернде 1999 жылғы 21 қазанда қол қойылған Қазақстан Үкіметі мен Швейцария Федералдық кеңесі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға және хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Үкіметі мен Швейцария Федералдық кеңесі арасындағы хаттаманы ратификациялау заң жобасы берілді. Осы комитет Қазақстан мен Еуропа Қайта құру және даму банкі арасындағы ынтымақтастық пен қызметіне қатысты келісімді ратификациялау туралы заң жобасын да алды. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті заңнамаға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.

Бюро мүшелері Сенаттың 16 қаңтарда болатын жаңа жылдағы алғашқы отырысының күн тәртібін де қарады. Атап айтқанда, сенаторлар ТМД-ға қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарына әскери инфрақұры­лым объектілерін орналастыру туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобаларын қарауды жоспарлады. Одан басқа, Сенат заңнамаға Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері бойынша түзетулерді қарайтын болады.

 

Соңғы жаңалықтар