• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Шілде, 2021

Украинада тұрғын үйге ұшақ құлады

180 рет
көрсетілді

Украинаның Ивано-Франковск облысында жеке тұрғын үйге жеңілмоторлы спорттық ұшақ құлап, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

«Коломыйский ауданы Шепаровцы ауылының маңында жеңілмоторлы спорттық ұшақ жеке тұрғын үйге құлады, артынан жанып кетті, салдарынан төрт адам қаза болды», делінген хабарламада.

Құтқарушылар өртті сөндірді.