Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Ashyq жүйесіне қатысатын нысандарға балалардың кіру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ashyq жүйесіне енген нысандарға 12 жасқа толмаған балалар ата-анасының жетегінсіз көп бара бермейді. Ал ата-аналарының «қауіпсіз» статусы болса, балалары да еркін кіре алады. Ал аталмыш нысандарға ата-анасынсыз баратын, 12-ден асқан балалар үшін ерікті ПТР тест жүйесі бар. Бизнес нысандарының өздері балалардың Ashyq жүйесіндегі статусын анықтау туралы міндетті талап қойып жатқан жайттар бар. Сондықтан 12 жасқа дейінгі балалардан Ashyq жүйесінде статусын анықтау талап етілмейді. Одан үлкен балалар еріктілік аясында іске асады», деді комитет басшысы.
Оның айтуынша, соңғы кезде балалар коронавируспен бұрынғыдан жиі ауыратын болған. Дегенмен, бұл оларды ата-аналарының келісімнсіз вакциналауға негіз бола алмайды.
«Балалардың құқықтары туралы заң бойынша балалармен қатысты дүниенің бәрі ата-ананың рұқсатымен жасалуы керек. Яғни, 18-ге дейінгі балалардың ата-аналарынан немесе өкілдерінен келісім алу міндетті. Сондықтан осындай тәртіп бойынша жұмыс істеп жатырмыз», деді айжан Есмағамбетова.