Бүгін түнде футболдан Чемпиондар Лигасының қарымта ойындары өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сербиялық клуб футболшылары «Қайраттың» қақпасына жауапсыз бес гол соқты. Осылайша олар Чемпиондар Лигасынан шығып қалды.
«Қайраттың» бас бапкері Кирилл Кекер «Црвена Звездаға» қарсы ойынды қорытындылады: - Мен бас бапкер ретінде осы жеңіліске қатысты жауапкершілікті өз мойныма алғым келеді. Мен «Црвенаның» күші туралы айтпас едім, объективті және субъективті себептерге байланысты біз өзіміз ойнайтын футболды көрсете алмадық. Матч алдында біздегі мүмкіндік 50-50 болды, өкінішке орай, біз 5:0 есебімен жеңіліп қалдық және бұл біз үшін қайғылы жағдай. Енді бір аптадан кейін біз тағы бір еурокубок турнирінде ойнауға мүмкіндігіміз бар.
Енді «Қайрат» 5 тамыз күні Алматыда «Алашкерт» клубымен кездеседі. 12 тамыз Ереванда қарымта кездесу жоспарланған.