• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Шілде, 2021

Google барлық кеңсе қызметкерін вакцина алуға міндеттеді

277 рет
көрсетілді

Google-ге тиесілі Alphabet корпорациясы барлық кеңсе қызметкерін коронавирусқа қарсы вакцина алуға міндеттеді. Бұл туралы директор Сундар Пичай компанияның блогында жариялады, деп жазады Egemen.kz.

«Біздің кампуста жұмыс істеуге келген кез келген адамға вакцина егу керек», деп жазды Пичай.

Оның айтуынша, мұндай ережелер АҚШ-та алдағы апталарда, ал басқа аймақтарға алдағы айларда енгізіледі.

Сонымен бірге, қашықтан жұмыс режимі 18 қазанға дейін ұзартылады.