Таи оппозиционерлері дүйсенбі күні таңертең ел астанасындағы жеті шешуші көліктік тармақтар мен бірқатар автожолдарды жауып, «Бангкокты жабамыз» атты акцияны ресми түрде бастады.
Біз жеңгенімізге не жеңілгенімізге қарамастан, күресе беретін боламыз. Біз бітімге бармаймыз және келіссөздерге отыруға келіспейміз, деп атап көрсеткен оппозиция көсемі Сутеп Таугсубан митингіде сөйлеген сөзінде. Осының алдындағы күні қалаға танктер енгізілген болатын, бірақ наразылыққа қатысушылар мен құқық қорғаушылар арасында қақтығыс туындай қойған жоқ. Әзірге шерулер бейбіт сипатта өтуде.
Шарайна
Оппозиция «Бангкокты жабамыз» шарасын бастады
Таи оппозиционерлері дүйсенбі күні таңертең ел астанасындағы жеті шешуші көліктік тармақтар мен бірқатар автожолдарды жауып, «Бангкокты жабамыз» атты акцияны ресми түрде бастады.
Біз жеңгенімізге не жеңілгенімізге қарамастан, күресе беретін боламыз. Біз бітімге бармаймыз және келіссөздерге отыруға келіспейміз, деп атап көрсеткен оппозиция көсемі Сутеп Таугсубан митингіде сөйлеген сөзінде. Осының алдындағы күні қалаға танктер енгізілген болатын, бірақ наразылыққа қатысушылар мен құқық қорғаушылар арасында қақтығыс туындай қойған жоқ. Әзірге шерулер бейбіт сипатта өтуде.
Донор елдерден 6,5 млрд. доллар көмек сұралмақ
БҰҰ Сириядағы қақтығыстардан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін алдағы Сирия бойынша донор елдер конференциясынан 6,5 млрд. доллар жинамақ ниетте. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Валери Амос өз мәлімдемесінде хабарлаған.
Біз 6,5 млрд. сұрап отырмыз. Біз ереуілшілер мен үкіметтік әскерлер арасындағы қанды қақтығыстан зардап шеккен балаларға, әйелдер мен еркектерге көмек көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын боламыз, деп атап көрсетілген мәлімдемеде. Оның айтуынша, бүгінде 13 миллионнан астам сириялық көмекке зәру. Айта кету керек, конференция 14 қаңтарда Кувейтте БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның төрағалығымен өтеді.
Жаңа конституцияны қолдауға шақырды
Египеттің уақытша президенті Адли Мансур ел тұрғындарын жаңа конституцияның жобасы бойынша өтетін референдумда оған қолдау көрсетуге шақырды.
Мен сіздерді қазіргі заманғы зайырлы мемлекеттің негізін қалайтын жаңа конституция үшін дауыс беруге шақырамын, деп мәлімдеген Мансур Египет теледидары арқылы сөйлеген сөзінде. Біз үшін өзіміздің исламдық құндылықтарымыз бен қағидаттарымызды қорғау өте қажет, бірақ сонымен бірге, біз діни шектелушіліктен де арылуға тиіспіз, деп атап көрсеткен ол. Еске сала кетейік, жаңа конституция бойынша референдум Египетте 14-15 қаңтарда өтеді.
Израиль Шаронмен қоштасуда
Израильдің бұрынғы премьер-министрі Ариэль Шаронмен қоштасудың ресми рәсімі дүйсенбі күні таңертең басталды, деп хабарлады жергілікті БАҚ-тар.
Кнессетте өтіп жатқан бұл іс-шараға Израиль президенті Шимон Перес пен премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қатысты. Израиль үкіметінің бұрынғы басшысы 2006 жылдан бері инсульт салдарынан ес-түссіз жатқан Ариэль Шарон өткен сенбі күні 85 жасында елдің Шеба ауруханасында көз жұмған болатын.
Қателесіп басқа әуежайға қонды
Америкалық Southwest Airlines әуе компаниясының Боинг-737 жолаушылар лайнері Миссури штатындағы Брансона әуежайына барудың орнына қателесіп, Тэйни графтығындағы әуежайға барып қонған.
Қону штаттық режімде өтті, барлық жолаушылар мен экипаж қауіпсіз жағдайда, деп мәлімдеген әуе компания өкілі орын алған оқиғаға түсінік бере отырып. Әуе лайнерінің бортында 124 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған көрінеді. Қазіргі уақытта АҚШ-тың Федералдық авиация басқармасы орын алған оқиғаның себептерін тергеуде.
Теһран 4,2 млрд. долларға қол жеткізбек
«Алтылық» пен Теһран 20 қаңтарда бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруды бастайды. Санкциялардың жұмсартылуы нәтижесінде, Иран тыйым салынған 4,2 млрд. долларға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болмақ.
Еуропа одағының сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон Женевада 9-10 қаңтарда өткен келіссөздер қорытындысына өзінің қанағаттанғандығын білдірді. Енді құрамында Ұлыбритания, Германия, Франция, Ресей, Қытай және АҚШ бар делдалдар «алтылығы» 2014 жылдың 20 қаңтарынан бастап, уағдаластықтың алғашқы қадамдарын жүзеге асыруға кіріспек. Біз МАГАТЭ-ден қажет ядролық мониторинг пен қызметке тексеру жүргізуді сұрайтын боламыз, делінген жексенбі күні кешкілік Брюссельде Эштон таратқан мәлімдемеде.
Атом энергиясы саласындағы ынтымақтастық
Ресейдің Венгриядағы бірден-бір атом электр стансасының құрылысын одан әрі жалғастыруға келісім алуы мүмкін. «Росатом» мемлекеттік корпорациясының басшысы Сергей Кириенконың айтуынша, Ресей мен Венгрия атом саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде белсенді келіссөздер жүргізуде.
14 қаңтарда Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Мәскеуге жұмыс сапарымен келмек. Алдағы келіссөздердің бағдарламасының егжей-тегжейі әзірге белгісіз. Дегенмен, венгерлік Nepszabadzag газеті белгілі бір ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, сапар барысында «Пакшаның» құрылысын одан әрі жалғастыру жөніндегі келісімге қол қойылуы мүмкін екенін хабарлаған. Басылымның мәліметтеріне қарағанда, барлық үміткерлердің ішінде тек «Росатом» ғана жалпы құны шамамен 18 млрд. доллар болатын жобаны алдын ала қаржыландыруды қамтамасыз етуге дайын.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.