• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Білім 29 Шілде, 2021

Қазақстанда өмір бойы білім алу тұжырымдамасы бекітілді

1438 рет
көрсетілді

Қазақстан Үкіметі 2021 жылғы 8 шілдедегі қаулысымен өмір бойы оқыту (үздіксіз білім беру) тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған тұжырымдама өмір бойы оқытуды оңтайлы қамтамасыз ету үшін білім берудің барлық деңгейлері мен нысандарының құрылымы мен мазмұнын тиімді өзгертудің мақсаттарын, міндеттерін, негізгі тәсілдерін айқындайды.

Тұжырымдаманың мақсаты - бәсекеге қабілеттілігі мен базалық құзыреттерін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін арттыру үшін ел халқын формальды, бейресми және ақпараттық оқытумен қамтуды қамтамасыз ететін үздіксіз білім беру жүйесін құру.

«Тұжырымдаманы іске асыру білім берудің әртүрлі деңгейлерінің сабақтастығын, формальды, бейресми және ақпараттық білім берудің интеграциясын қамтамасыз етуге, Оқыту нәтижелері мен біліктіліктерін танудың икемді құралдары арқылы мамандыққа қолжетімділікті кеңейтуге, халықтың еңбек ұтқырлығын арттыруға мүмкіндік береді», деп жазылған құжатта.

Құжаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көруге болады.