«Родина» агрофирмасының кешегісі мен бүгінгі тіршілігіне көз салған кісі елеске де бағынбайтын өзгерістер құшағында толғанатыны бар. Ел өміріндегі елеулі оқиғалардың бәрі осында. Шаруашылыққа жұртты жұмылдыра білетін, қиындыққа қайыспауға баулитын басшы бұйырған екен. Мұндағылар «Родинаның» артта қалуға хақысы жоқтығын түсінеді.

Бүгінгі күні заманалық агроқалашыққа айналған шаруашылық көп салалы қызмет атқарады. Соңғы үш жыл қатарынан мұнда жыл сайын 2,5 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, әр жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі 35 мың долларға жетіп отыр. Жалпы, өнімнің 35 пайызы мал шаруашылығының үлесінде. Елбасы жүктеген мәртебелі міндет – Астананың азық-түлік белдеуін қамтамасыз етудегі егіншілер үлесі де салмақты. Диқандар «онүшінші» еңбекақыны қоспағанда, айына150 мың, малшылар 100 мың теңгеден кем жалақы алмайды.
Өткен жылы Родинада той көбейіп, 20 бөбек дүниеге келді. Бұл үлкен мереке. Мұнда жас жұбайларға 100 мың теңге, сәби туғанда 100 мың теңге қаржылай сауға жасау дәстүрі бар. «Алтын белгі» гранты, студенттік шәкіртақы да осында. Орталықтан жылытылатын жайлы үйде тұратын родиналықтар су мен жылу құнының 40 пайызын, азық-түлік өнімдерінің 20 пайызын ғана төлеп, нанды 25 теңгеден сатып алады. Мұндай жеңілдік ауылдағы 230 зейнеткер мен 117 бюджеттік мекеме қызметкерлеріне бірдей дәрежеде қарастырылған. Жас мамандар Жаңа жылды «Жастар» шағын ауданындағы жарқыраған жаңа тұрғын үйлерде қарсы алды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 22 жылдығына арналған салтанатта шаруашылық директоры Иван Сауэрдің омырауына Қазақстанның Еңбек Ері Алтын жұлдызын тақты. «Родинаның» алтын дәуірі жалғаса бермек.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы,
Целиноград ауданы.
Суреттерді түсіргендер Ермұрат Досымов, Игорь Бургандинов.