• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Қаңтар, 2014

Чили зерттеушілері жаңа бактерия тапты

291 рет
көрсетілді

Чили зерттеушілері жаңа бактерия тапты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған Ras.kz хабарлады.

«Borrelia chilensis атауын алған жаңа бактерия спирохет тәртібіне жатады. Ол әртүрлі кеміргіштердің бойларында қан соратын иксод кенесінен табылды», – делінген хабарламада.

Ғалымдар бұл жаңалықтың әлемдік ғылымда алатын орнының маңыздылығына тоқталып отыр. Себебі, осы кезге дейін Солтүстік жарты шарда кездесетін Лайма ауруын қоздыратын бактерияны иксод кенесі таратады деп есептеліп келген болатын. Кейде бұл кенелер адамдарды да ауруға шалдықтырады.

Жаңа бактерияны ашқанда қатарында зерттеушілер Даниэль Гонсалес Акунья, Роберто Муруа, Клаудио Эрнандес, Хавьеру Кабельо, сондай-ақ Чилидегі бірқатар университеттердің өкілдері Лариса Иванова, Алехандра Томов, Томас Дэниэлс, Генри Годфри және Фелипе Кабельо бар.

Ал «де Консепсьон» университеті ветеринарлық ғылымдар факультетінің академигі Даниэль Гонсалес Акунья: «Қазіргі сәттегі идея кененің даму циклін зерттеу, оның паразитизмі басқа сүт қоректілер мен адамға әсер етуі мүмкін бе? Осыны білудің маңызы зор», – деді.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Ras.kz

Фото: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар