• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Шілде, 2021

Атырауда жансақтау бөлімінде 80 науқас жатыр

1468 рет
көрсетілді

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.

Өңірде 2 922 төсек-орынға есептелген инфекциялық стационарлар бар. Қазір стационарларда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 444 науқас оқшауланған. Мұндағы жүктеме 49,4%-ды құрап отыр.

«Инфекциялық стационарлардың 114 орындық жансақтау бөлімінде коронавируспен ауырып, жағдайы нашарлаған 80 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 12 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жансақтау бөліміндегі жүктеме 70,2%-ға  жетті»  деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.