Мысырда жаңа конституция жобасы бойынша дауыс беру кезінде бір адам қаза болды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Полицияның ақпары бойынша, Каирдің оңтүстігіндегі Бени-Суэйф провинциясындағы қақтығыс кезінде тиым салынған «Мұсылман бауырлар» ассоциациясының активисті қаза болған. 25 жасар жігіттің кеудесіне оқ тигені белгілі болды.
Бени-Суэйф провинциясындағы сайлау учаскесі маңында ереуілшілер мен тәртіп сақшылары арасында қақтығыс орын алған. Елдің түрлі қалаларында исламистер жаңа конституция жөніндегі референдумға қарсы наразылық акциясына шықты. Қауіпсіздік күштері сайлаушыларды қорғау үшін, қару мен көз жасаурататын газ қолдану арқылы ереуілшілерді ығыстырып тастамақшы болған.
Сонымен қатар, бүгін Минуфия провинциясындағы сайлау учаскесі маңында бес жарылғыш зат залалсыздандырылды. Ал Каир соты маңына жасырылған бомба жарылып үлгерген. Оның салдары әзірге белгісіз болып отыр.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com
Фото: Itar-tass.com