• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Шілде, 2021

Павлодар облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз

403 рет
көрсетілді

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 30 шілдедегі жағдай бойынша өңірде коронавирустық инфекцияның 30 074  дерегі,  ал соңғы тәулікте 275 жаңа жағдай тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауырғандардың жалпы санынан 17 522-сі немесе 58,2 % - Павлодар қаласының тұрғындары. Сырқаттанғандардың ішінде Павлодар облысының тұрғындары 29 790  болса, 287-сі (1,0%) басқа өңірлерден.

- 9 205 жағдай немесе 30,7% байланысқа түскен адамдар арасында, 18 089-ы немесе 59,3% медициналық ұйымдарға медициналық көмекке жүгінген ЖРВИ және пневмониямен ауыратын тұрғындар арасында тіркелді, ал 2 498-і немесе 8,3 % профилактикалық тексеруден өткен кезде анықталды. КВИ апталық өсімі 12 шілдеден 18 шілдеге дейін 4,29% (1141 жағдай), 19 - 21 шілде аралығында  5,0%  (1402 жағдай) құрады, - дейді департаментте.

Өткен 7 күнде 23 шілде мен 29 шілде аралығында өңірде 1596, алдыңғы аптада 19-25 аралығында 1294 жағдай тіркелген. Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен Ақтоғай, Павлодар, Баянауыл, Май, Успен, Аққулы, Ертіс аудандары - «қызыл» аймақта.Железин, Щербақты, Тереңкөл аудандары – «сары» аймақта.