• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Қаңтар, 2014

Балалар үйіндегі кездесу

513 рет
көрсетілді

Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді. Кездесу кезінде жетім балаларға сыйлықтар тапсырылып, қызықты концерттік бағдарламалар ұсынылды.

Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді. Кездесу кезінде жетім балаларға сыйлықтар тапсырылып, қызықты концерттік бағдарламалар ұсынылды.

Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери мамандар даярлайтын оқу ордасының 1-3 курс курсанттары Ба­ға­­нашылдағы №1 балалар үйінің футбол командасына қажетті спорт киімдері мен бейне және аудио аппаратураларын сыйға тартты. Сонымен бірге, институттың көр­кем­өнерпаздар ұжымы балаларға арнап, қызықты ойын-сауық бағдарламасын әзірледі. Балалар алдында «Студент көктемі – 2013» және «Жас ұлан» фестива­лі­нің жеңімпаз курсант­тары, институттың кө­ңілді тапқырлар клубы құрама командасы, ақын-кур­санттар өз өнерлерін көрсетті.

Алматы қаласындағы №1 балалар үйінде 3 жас­тан 18 жасқа дейінгі 186 жасөспірім тәрбие­ле­нуде. Курсанттар мұн­дағы тәрбиеленіп жат­қан балалардың қиын тағдырларына қарамас­тан, өте мейірімді әрі бо­лашаққа сеніммен қарай­тындықтарын атап өтті.

Болашақ офицерлер аталған балалар үйінің тәр­биеленушілерімен тез тіл табысып, жоғары сынып оқушыларын Құрлық әскерлерінің Әскери институтына қонаққа ша­қыр­ды. Сондай-ақ, ай сайын­ спорттың әртүрінен бір­лесіп жарыстар өткізіп тұруға шешім қабылданды.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар