• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Қаңтар, 2014

Үйлестіру кеңесі құрылды

712 рет
көрсетілді

Елімізде азаптауға қарсы Ұлттық алдын алу тетігін құрған Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Омбудсмен жанында оның Үйлестіру кеңесі сайланды.

Елімізде азаптауға қарсы Ұлттық алдын алу тетігін құрған Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Омбудсмен жанында оның Үйлестіру кеңесі сайланды.

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетiгiн жасау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы БҰҰ Азаптауға қарсы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау кезінде республиканың қабылдаған жеке қол­сұғылмаушылық пен міндеттемелердің конститу­ция­лық кепілдемелерін дамыту үшін қабылданған.

Ұлттық алдын алу тетігінің қаты­сушы­ларына аталған заңда белгілен­ген мемлекеттік мекемелерге барып, мониторинг жүргізуге құқық берілетіні оның жаңашылдығы болып табылады.

Ұлттық алдын алу тетігінің жұмысын қамтамасыз етудегі басты рөл жүйелік негізде жоғарыда аталған мекемелерге мониторинг жүргізуді жүзеге асыратын Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жүктелген.

Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қызметін тиімді үйлестіру мен оларды сайлау мақсатында заңмен арнайы Комиссия сайлайтын Адам құқықтары жөніндегі жанындағы Үйлестіру кеңесі құрылды. Бұл комиссия тек осы мақсатпен ғана құрылған, және құрамына беделді қоғамдық қайраткерлер мен адам құқықтарын қорғау саласында жұмыс атқарып жатқан үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, сондай-ақ БАҚ және заңи қауымдастықтың өкілдері, көрнекті ғалымдар, Парламент депутаттары енді.

2014 жылғы 10 қаңтарда өзінің бірінші отырысы барысында Омбудс­мен төрелігімен Комиссия келіп түскен өтініштерді қарады және үміткерлерді зерделеу, ашық талқылау мен құпия дауыс беру нәтижесінде Үйлестіру кеңесінің алғашқы құрамы қалыптасты. Оның 19 мүшесі сайланды.

Соңғы жаңалықтар