Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті.

Жүздесушілер Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасына сәйкес қазіргі замандағы ең өзекті мәселелер бойынша дінаралық үнқатысуды дамытудың келешегін талқылады. Қ.Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының кезекті отырысы үстіміздегі жылғы 17-18 қыркүйекте болатыны және оның барысында 2015 жылғы Съездің өтетін нақты мерзімі анықталатыны туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, Қ.Тоқаевтың Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллмен кездесуі үшін биылғы жылдың соңында Мәскеуге сапармен бару мүмкіндігі талқыланды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.