• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 01 Тамыз, 2021

Токио-2020: Мейрамбек Айнағұлов Олимпиаданың алғашқы айналымынан өте алмады

197 рет
көрсетілді

Токиода Олимпиада ойындары аясында күрес түрлерінен 1/8 финалы өтіп жатыр. 60 келіде белдескен Мейрамбек Айнағұлов алғашқы қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Балуан Мейрамбек қырғызстандық Жоламан Шаршенбековтен жеңілді. Белдесуді 8:0 есебімен айқын басымдықпен аяқтаған қырғызстандық балуан келесі айналымға өтті. 

Айта кетерлігі, Қырғызстан балуаны Шаршенбеков финалға шыққан жағдайда Мейрамбек Айнағұлов жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.