Өңірдегі инфекциялық стационарларда 1 549 науқас емделіп жатыр. Стационарлардағы жүктеме 51,4%-ды құрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтың айтуынша, былтырғы наурыздан бері 35 377 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.
«Қазір инфекциялық стационарларда 1 549 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 102 жүкті әйел, жас босанған 4 ана, 18 жасқа дейінгі 13 бала бар. Атырау қаласындағы стационарларда жүктеме 72% (847 науқас), аудандардағы стационарларда – 81% (392) Теңіз кен орнындағы стационарда 23%-ды (310) құрады. Соңғы 10 күнде инфекциялық стационарларда жатқан науқастар саны 24%-ға өсті», дейді Асхан Байдуәлиев.