Атыраудағы караоке-бардың бірі карантиндік шектеу шараларын бірнеше рет бұзған. Енді сол караоке-бар күзетшісі мониторингтік топ мүшесіне қол көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растап отыр.
«Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бабымен (Бұзақылық) тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.