«Иран аймақтарынан келген ыстық және құрғақ ауа массасы елдің батыс және оңтүстік аудандарын қамтиды. Бұл өңірлерде қатты ыстық сақталады. Ауа температурасы - 35-40, кей жерлерде 43°С дейін жетеді.
Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Ауа температурасы күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста 23-33°C болады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.