Алматының Медеу ауданында бірқатар ғимарат бір күнге суық судан ажыратылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
4 тамызда сағат 00.00-ден 24.00-ге дейін Алматының Медеу ауданы Горный Гигант аумағында, сондай-ақ Достық даңғылының бойында Құрмет пен Чайкина көшелерінің арасында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарда суық су өшіріледі.
«Алматы су» МКК хабарлағандай, аталған аумақта магистральдық желіге жаңа су құбыры қосылады.