Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық разрядта спортшылар рейтингін жаңартты. Бұл туралы Sports.kz хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жеке разрядта үздік үштік қатарында австралиялық Эшли Барти, жапон Наоми Осака және Беларусь өкілі Арина Соболенко тұр.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 20-орында қалды. Еске салайық, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадада Рыбакина украиналық Элина Свитолинамен қола медаль үшін тартысқа түскен еді.
Юлия Путинцева 36-шы орыннан 35-ке көтерілді.
Зарина Дияс төрт позицияға төмендеп, ТОП-100 тізімінен шығып қалды - 103-орында тұр.
Жұптық есепте бірінші орында Элиза Мертенс (Бельгия), одан кейін чех теннисшілері Барбора Крейчикова мен Катерина Синякова орналасқан.
Қазақстандық Анна Данилина жеті сапқа көтеріліп, 89-орында, Рыбакина - 155-орын (+1), Путинцева - 163-орында(+1) тұр.