• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Қаңтар, 2014

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №17-1/458

240 рет
көрсетілді

2013 жылғы 30 қыркүйек,  Астана қаласыҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректер тізбесін бекіту туралы

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңыны 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.2. Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технология департаменті:1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде бекітілген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;2) Мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшына жүктелсін.4. Осы бұйрық 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Министр А. МАМЫТБЕКОВ.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі №17-1/458 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің міндеттерін орындау үшін, қажетті және жеткілікті дербес деректер тізімі№ р/с Дербес деректерінің атауы1. Аты-жөні, тегі2. Туған күні, айы, жылы және туған жері3. Жеке куәлікте көрсетілген мәліметтер4. Жеке сәйкестендіру нөмірі5. Білімі, мамандық атауы туралы мәлімет6. Еңбек қызметі туралы мәлімет7. Әскери қызметі туралы мәлімет (әскери міндетті және әскерге шакырылуға жататын тұлғалар)8. Денсаулығы туралы мәлімет9. Жанұйялық және әлеуметтік жағдайы10. Жекеменшіктегі мүлік туралы мәлімет11. Салық есептілігі туралы мәлімет12. Жекеменшіктегі мүлік туралы мәлімет13. Денсаулығы туралы мәлімет14. Жүргізу дәрежесі15. Жүргізу құқығы туралы мәлімет(сенімхат)16. Көлік меншігіне құқығы туралы мәлімет17. Көлік жөніндегі құжат (техникалық құжат)18. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген куәлігінің нөмірі

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 29 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8862 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар