• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Тамыз, 2021

Павлодар облысында оқушы мен студент суға батып кетті

229 рет
көрсетілді

Екі қайғылы жағдай да Ақсу қаласының ауылдық аймақтарында болған, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

-  2 шілде күні сағат 15.00-де Ақсу ауылдық аймағының Еңбек ауылы маңындағы Белая өзенінде шомылу кезінде колледждің 22 жастағы студенті суға батып кетті. Денесі табылды, сот-медициналық сараптама тағайындалды, - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Сол күні сағат 21.45-те Ақсу қаласы Айнакөл ауылының Көктас бөлімшесінің жанындағы Ертіс өзенінде 2005 жылы туған кәмелетке толмаған бала суға батып кетті. Денесі табылған жоқ, жасөспірімнің денесін анықтау бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілуде.